Бөлімдер

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның экс-Премьер-Министрі Тони Блэрді қабылдады.

20.02.2012

Т. Блэр Президентке сарапшылар тобы жұмысының қорытындысы туралы баяндады. Сондай-ақ кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

- Қазір менің Қазақстан халқына Жолдауымды іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Біздің негізгі міндетіміз – адамдарды жұмыспен қамту, қолжетімді тұрғын үй құрылысы, елді индустрияландыру, ауыл шаруашылығын, инфрақұрылымды, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту. Мен бүгін осы мәселелерді талқыласам деймін, - деді Президент.

- Мен Сіздің Жолдауыңызбен және ондағы күнделікті өмірде енгізуге қажетті ауқымды міндеттермен танысып шықтым. Біз жұмыс істеуге және алға қойылған міндеттерді іске асыру жөнінде өз ұсынысымызды беруге дайынбыз, - деп атап өтті Т. Блэр.

Кеңестер, отырыстар, кездесулер

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 2 3 4 56
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0