Бөлімдер

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады.

21.02.2012

Қ. Қасымов Президентке елдегі криминогендік жағдайдың жай-күйі, қылмыспен күресті күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, азаматтардың құқығын қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғаудың тиімділігін арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту, экстремизмге, ұйымдасқан қылмыс түріне, есірткі бизнесіне және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы баяндады.

- Сіздің тапсырмаңыз бойынша қылмыстың толық және объективті тіркелуін қамтамасыз етуге қатаң бағыт жүргізілуде. Қылмыс туралы әрбір арыз дер кезінде тіркеледі және қаралады, полиция азаматтардың сот төрелігіне, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына нақты қолжетімділігін қамтамасыз етеді. 2011 жылы тіркелген қылмыстың жалпы саны 196,5 мыңға жетті. Қылмыстың 64 пайыздық өсімі болжанған. Біз 80 мыңға жуық қылмысты «көлеңкеден» алып шықтық. Осы ретте елдегі нақты қылмыстық жағдай тұрақты күйінде қалып отыр, - деді Қ. Қасымов.

Ішкі істер министрі Нұрсұлтан Назарбаевты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы автокөлікті тіркеу, ХҚО арқылы жүргізуші куәлігін беру, «Еуразполды» құру және қызмет ету тетіктерін әзірлеу және ішкі істер органдарының жеке құрамын аттестаттауға даярлықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы хабардар етті.

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Кеңестер, отырыстар, кездесулер

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 2 3 4 56
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0