Бөлімдер

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады.

20.02.2012

Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы Президентті ағымдағы жылдың 30-31 мамырында Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезін өткізу жөнінде дайындық жұмыстарының барысы туралы хабардар етті және Съезд Хатшылығының Жұмыс тобының жақында өткен отырысының қорытындылары жайлы мәлімдеді.

- Жұмыс тобы тарапынан Діндер көшбасшылары Кеңесін құру қажеттігі қолдау тапты және Форумның қорытынды құжаты – оған қатысушылардың халықаралық қоғамдастыққа Үндеуі бойынша ұсыныс әзірленді. Алда болатын съезге қатысатын жетекші әлемдік діндердің рухани көшбасшыларына, кейбір мемлекет басшыларына, белгілі саясаткерлер мен сарапшыларға шақыру жолданды, - деді Қ. Мәми.

Президент аталған бағыттағы белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

- III съезд өткеннен бергі уақытта әлем өзгеріске түсті. IV съезге қатысушылар болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды ілгерілету саласындағы ұсынысты әзірлеулері қажет, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Діндер көшбасшылары Кеңесі жаһандық ынтымақтастық, жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды дамытудың қағидатты мәселелері, сондай-ақ жаңа әлемдік тәртіп құрудың өзекті мәселесі бойынша шоғырландырылған шешім қабылдаулары қажеттігіне тоқталды.

Сонымен қатар, Қ. Мәми Мемлекет басшысын заңшығармашылық қызметтің ағымдағы және келешектегі міндеттері туралы, сондай-ақ Венедағы ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына даярлық және Эр-Риядтағы «G-20» елдері спикерлерінің 3-ші Консультациялық кездесуіне қатысу жөнінде хабардар етті.

Кеңестер, отырыстар, кездесулер

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 2 3 4 56
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0