Р. Түсіпбеков жемқорлық пен «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимылдары бойынша қаржы полициясы органдарының ағымдағы жедел-қызметтік қызметі туралы баяндады.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлықпен және экономикалық қылмыспен күрес – қаржы полициясы органының алдына қойылған негізгі міндет екенін атап көрсетті. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру, атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген қаражатты пайдалануға бақылауды күшейту керек.
- Айқындалған 8 мың сыбайлас жемқорлықтың 5,5 мыңы экономикаға қатысты. Егер олар таза жұмыс істейтін болса, кәсіпкерлерде проблема болмауы керек, - деп қадап айтты Президент.
Мемлекет басшысы қаржы полициясы органына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғауды қамтамасыз етіп, жемқорлық пен «көлеңкелі» экономикаға қарсы күресті күшейтуді тапсырды.