Бөлімдер

Кеңестер, отырыстар, кездесулер

27.01.2012Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

01

Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер екенін атап өтті. Қазіргі әлемде бұл әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі мәселесі. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

25.01.2012Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевті қабылдады.

Ә. Исекешев Президентті 2010-2011 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың қорытындылары туралы, сондай-ақ 2012 жылға арналған міндеттер туралы хабардар етті.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

20.01.2012Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуына қатысып, Сенат пен Мәжіліс депутаттары алдында сөз сөйледі.

01(2)

Президент өз сөзінде мемлекет тарапынан Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауы таза, мөлдір және бәсекелестік жағдайда өтуі үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Оған қатысқан барлық партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін теңдей мүмкіндіктерге ие болды. Соның нәтижесінде әлемнің көптеген елінен келген байқаушылар Қазақстанда өткен сайлауалды үдеріске жоғары баға берді.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

18.01.2012Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы Саяси Кеңесі Бюросының отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттық мандатты бөлу реті анықталды.

01

Президент отырысты ашып, өткен сайлау Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды қадамға айналғанын атап өтті.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

17.01.2012Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қаруды тараптау және қарусыздану үшін парламентшілер одағының жаһандық үйлестірушісі Алин Варені қабылдады.

01

Кездесу барысында ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

13.01.2012Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылайтын тәуелсіз бақылаушылар делегация мүшелері Пол Виллені, Эмери де Монтескьюді, Андрейс Клементьевсті, Роландас Паксасты, Казимира Прунскене мен Владимир Сокорды қабылдады.

03

Кездесу кезінде Қазақстанның өз тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде дамуының қорытындылары, елде жүргізілген әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар, сондай-ақ алдағы Мәжіліс сайлауына дайындық туралы әңгіме қозғалды.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

13.01.2012Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы делегациясының басшысы Эльза Пападимитриуды қабылдады.

02

Кездесу барысында елдегі алда болатын парламенттік сайлау, Қазақстан мен ЕКПА-ның ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

13.01.2012Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ ПА құрметті президенті, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының Қазақстандағы кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі делегациясының басшысы Жоао Соарешты қабылдады.

01

Әңгімелесу барысында алдағы Қазақстандағы парламенттік сайлау мәселесі мен бақылаушылар миссиясының қызметі талқыланды.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

11.01.2012Бүгін өзінің Алматыдағы резиденциясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әдебиет пен өнер қайраткерлеріне Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды тапсырды.

01

Жүзден астам әдебиет және өнер қайраткерлерінің отандық мәдениетті дамытудағы үлкен еңбектері Президенттік стипендиялармен атап өтілді.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

26.12.2011Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, «Нұр Отан» ХДП басшылығымен кеңес болып өтті.

01

Кеңес жұмысына Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер


Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
 12 3 4 56
7 8 9 10 111213
141516 17 18 1920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0