Бөлімдер

Кеңестер, отырыстар, кездесулер

10.11.2005Мемлекет басшысы Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясының президенті Чэнь Гэнді қабылдады.

112.jpg

 
Кездесуде мұнай-газ саласындағы Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы, атап айтқанда, Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры құрылысының аяқталуы және CNPC-нің «ПетроКазақстан» компаниясы акцияларының бақылау пакетін сатып алу мәселелері талқыланды.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

10.11.2005Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев америкалық «Мерил Линч Еуропа» инвестициялық компаниясының бас басқарушы директоры Эндрю Серджио Газитуаны қабылдады.

- Мен үшін сіздің елде болу үлкен мәртебе. Біз Қазақстанды алға қарай өте белсенді жылжып келе жатқан өңірдегі маңызды мемлекет ретінде қарастырамыз, - деді Эндрю Серджио Газитуа журналистерге арналған брифингте.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

08.11.2005Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстанға ресми сапармен келген Иордания Королі Абдулла II бен Хусейн бен Талалмен кездесті

114.jpg

. Кездесу барысында Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық Келісімге және Астана мен Амман қалалары арасындағы бауырластық туралы келісімге қол қойылды.  
- Арадағы жайлы саяси қатынастарға қарамастан, Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда айналымы бар-жоғы 40 миллион долларды құрайды. Қазақстанда Иордания туралы жеткілікті дәрежеде біле бермейді. Алайда біздің елдердің экономикалық ынтымақтастығы, әсіресе туризм саласындағы қатынастар зор мүмкіндіктерге ие, - деді Мемлекет басшысы журналистерге арналған брифингте.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

07.11.2005Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақстан Республикасындағы сейсмикалық қауіптілік және жер сілкіну болжамдары мәселелері жөнінде мәжіліс өткізді.

Сейсмикалық қауіптілік мәселелері ел аумағының үштен бірі сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан, біздің еліміз үшін әрқашан басым маңызға ие. Президент мониторинг, түрлі мемлекеттік органдардың тиімді әрекет ету және жер сілкінісі салдарын барынша төмендету міндеттерін қамтамасыз ету салалары қазіргі талаптарға сай болу қажеттігін атап өтті, сондай-ақ осы бағытта атқарар қызметтердің төрт басым бағытын белгіледі.  
Мәжілісті қорытындылай келе Мемлекет басшысы сейсмологтардың орта және ұзақ мерзімдік болжамдарына сәйкес Алматы мен Алматы облысында жер сілкінісі орын алмайтынын атап көрсетті.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

01.11.2005Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақмыс» корпорациясының президенті Владимир Кимді, сондай-ақ халықаралық қаржылық ұйымдардың, банктердің және инвестициялық-сақтандыру қорларының басшыларын қабылдады.

В.Ким Президентке «Қазақмыс» корпорациясын Лондондық қор рыногына шығару мақсатында атқарылған жұмыстар мен алдағы даму болашағы туралы баяндап берді.  
- «Қазақмыс» компаниясы капиталдануы 4,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын ірі кен өндіру компаниясы болып табылады. Біз ең басты мақсатқа қол жеткіздік, атап айтқанда Қазақстанға жобалық қуаты жылына 50 миллион тонна кен өңдейтін әлемдегі ең ірі комбинаттардың бірі – Ақтоғай кен байыту комибинатын салуға қажетті үлкен инвестиция әкеліп отырмыз, - деді А.Ким журналистерге арналған брифингте.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

01.11.2005Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге Қазақстан Парламенті Сенатының шақыруымен келген Еуропалық Парламент төрағасының орынбасары Алехо Видал-Квадрас Роканы қабылдады.

-Менің келу сапарым Еуропалық Парламент пен Қазақстан Парламентінің қос палатасы арасында тиімді өзара қарым-қатынас қалыптасқанын айшықтайды, – деп атап өтті Еуропарламент төрағасының орынбасары журналистермен өткен брифингте.

Ол «Еуропалық Одақ үшін Қазақстан атқаратын рөлі жыл өткен сайын өсе түсетін маңызды стратегиялық әріптес болып табылатыны айдан анық», деп атап көрсетті.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

31.10.2005Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ Парламентік ассамблеясының президенті, АҚШ-тың Флорида штатынан конгрессмен Алси Хастингсті қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ-тың стратегиялық серіктестік мәселелері талқыланды және ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудың маңыздылығы ерекше аталып өтті.  
Журналистердің Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ниеті жөніндегі сұрағына А.Хастинг:  
- Мен 2006 жылы Брюссельде оң шешім қабылданады деген үміттемін, - деп жауап берді.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер

26.10.2005Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев соғыс және еңбек ардагерлерімен, республиканың танымал ақсақалдарымен кездесті

117.jpg

. Кездесуге Қазақстанның барлық өңірлеріндегі ардагерлер кеңестерінің 40-тан астам өкілдері қатысты. - Сіздердің ақ шалған шаштарыңыз даналық пен өмір сүрген жылдардың тәжірибесін сақтап келеді. Сіздер майдан мен тылдың қатал мектебінен шыңдалып шықтыңыздар, елді қалпына келтіріп, соғыстан кейінгі жылдардың мұқтаждығы мен азабын тарттыңыздар. Сіздер бейбітшілік пен келісімнің бағасын білесіздер, - деді Президент кездесудің ашылуында. Ардагерлер Қазақстанның дамуы туралы өз пікірлерімен бөлісіп, өңірлердегі жағдай туралы баяндап берді.  
Соғыс және еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері Бәйкен Әшімов Мемлекет басшысына ақ батасын берді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен нығаюындағы, өткен кезеңдегі барлық қиыншылықтарды өткерудегі және бүгінгі жетістіктерге қол жеткізудегі баға жетпес тарихи ролін атап өтті. Аға ұрпақ өкілдері Мемлекет басшысына жүрек жарды лебіздерін жеткізді және алдағы президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңіске жететініне сенім білдірді.

толығымен... Кеңестер, отырыстар, кездесулер


Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
 12 3 4 56
7 8 9 10 111213
141516 17 18 1920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0