Жарлықтар, өкімдер, заңдар
16.02.2012Мемлекет басшысы кейбір заңдарды «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
16.02.2012Мемлекет басшысы азаматтардың әскери қызметті өткеру кезіндегі қарым-қатынастарды реттеуге, сондай-ақ әскери қызметшілердің әлеуметтік қамтамасыз етілуінің негізін айқындауға бағытталған «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға қол қойды.
16.02.2012Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізі үшін Инвестициялық бағдарлама (Маңғыстау облысындағы учаскелер) - 1-жоба) ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.
16.02.2012Мемлекет басшысы бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігі мен бюджеттік қаражаттың шығыстарына бақылауды күшейтуге, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
15.02.2012Мемлекет басшысы «Ислам Конференциясы Ұйымының Жарғысын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
15.02.2012Мемлекет басшысы бас бостандығынан айырумен байланыссыз жазаға кесілгендер мен елеусіз қылмыс жасаған адамдар тарапынан қылмыстың қайталануын ескертуге жұмылдырылған құқықтық институт ретінде пробация қызметінің қызметін қалыптастыруға және ұйымдастыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
14.02.2012Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Корея Републикасы арасындағы Ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.
14.02.2012Мемлекет басшысы «Ананы қорғау туралы 1952 жылғы (қайта қаралған) конвенцияны қайта қарау туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
13.02.2012Мемлекет басшысы бірқатар заңнамалық актілерді «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік органдар туралы» Заңға сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
13.02.2012Мемлекет басшысы арнайы мемлекеттік органдарға қызметке кіруге, онда қызметін өтеуге және онда қызметін тоқтауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, сондай-ақ арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық ережесін, материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайтын «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік органдар туралы» Заңға қол қойды.