Бөлімдер

Жарлықтар, өкімдер, заңдар

13.04.2006Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

12.04.2006Мемлекет басшысы «Электроэнергетика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заң электроэнергетика саласындағы концессиялық қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған.

 
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

толығымен... Жарлықтар, өкімдер, заңдар

11.04.2006Мемлекет басшысы «Электроэнергетика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заң электроэнергетика саласындағы концессиялық қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған.

 
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

толығымен... Жарлықтар, өкімдер, заңдар

11.04.2006Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Бақытжанұлы Жанасаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

10.04.2006Мемлекет басшысының Жарлығымен Сағынбек Тоқабайұлы Тұрсынов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Венгрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы, Румыниядағы, Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

03.04.2006Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Әбділдаұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Н.Ә.Ысқақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

толығымен... Жарлықтар, өкімдер, заңдар

31.03.2006Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевқа Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді.

28.03.2006Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Жәмитұлы Өтемұратов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалып, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметінен босатылды.

28.03.2006Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.

28.03.2006Мемлекет басшысының Жарлығымен Камалтин Ескендірұлы Мұхамеджанов өзінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі қызметінен босатылды.


Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
 123 4 56
7 8910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0