Мемлекет басшысы иорданиялық монархты 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтады және оған Астананың бір көшесін Король Хусейн бен Талалдың – қазіргі Иордания Королінің әкесінің есімімен атау туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективасын, сондай-ақ Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Король Абдалла II-ні 2012 жылғы 30-31 мамырда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне қатысуға шақырды. Шақыруды Иордания көшбасшысы ризашылықпен қабыл алды.