25.08.2005Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Есілдің сол жағалауынан салынған Қазақстан Республикасы Үкіметі үйінің жаңа ғимаратында болды.
Ғимараттың құрылыс жұмыстары 2002 жылғы наурызда басталды. Үкімет үйінің жалпы алаңы 33 752 шаршы метр. Құрылыстың бас мердігері "Джейлан Лимитед" ЖШС болып табылады.
02.08.2005Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына АҚШ Президенті Джордж Буштан хат келіп түсті. Онда Ақ үй басшысы қазақстан-американ қатынастарының кең ауқымды мәселелеріне, оның қазіргі жағдайына және қазақстандық көшбасшының Жолдауында айтылған біздің еліміздің даму келешегіне қатысты өз ой-пікірлерімен бөліскен.