Бөлімдер

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен кездесті.

19.12.2011
04

Кездесу барысында екіжақты қатынастарды тереңдеудің және кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевті Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы келіссөздердің табысты аяқталуымен және Мемлекеттік Дума депутаттары сайлауының өтуімен құттықтады.

- Құрметті Дмитрий Анатольевич, жоғары деңгейдегі біздің кездесуіміз өте табысты өтуде. Ресей мен Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі ықпалдастықты біріктірудің локомотиві болып табылады. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде біз алғаш рет өзара тиімді тауар айналымын 20 миллиард долларға жақындаттық. Сонымен қатар, Охот теңізінде адамдардың қайтыс болуына байланысты көңіл айтқым келеді. Мен Сізге және Ресейге амандық, тыныштық, осындай күрделі уақытта бейбітшілік тілеймін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біз Сізбен бірге бүгін біздің Жоғары Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың «үштігі» форматында және ЕурАзЭҚ форматында бірқатар маңызды мемлекетаралық шараларды өткіздік. Біздің екіжақты қатынастарымыз өте жақсы дамып келе жатқанын атап өткім келеді, - деді Дмитрий Медведев.

Сыртқы саясаттағы іс-шаралар

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
 123456
789101112 13
14 15 1617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0