Бөлімдер

Сыртқы саясаттағы іс-шаралар

03.04.2006Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екікүндік ресми сапармен Мәскеуге келді.

Ресми сапар аясында Елбасының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулер өткізіп, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қоюы, Чистопрудный гүлзарында бой көтерген Абай Құнанбаев ескерткішін ашуы, Мемлекеттік Думада сөз сөйлеуі, Мәскеу құрыш және қорытпа мемлекеттік институтының профессор-оқытушы қауымымен және студенттер құрамымен, сондай-ақ Ресейдің жетекші БАҚ-тарының басшыларымен және өкілдерімен кездесуі жоспарланған.

толығымен... Сыртқы саясаттағы іс-шаралар

27.03.2006Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Бельгияның сыртқы істер министрі Карл де Гюхтты қабылдады.

218.jpg

Кездесу кезінде Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Қазақстан-Бельгия арасындағы екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.

- Біріншіден, мен мұнда Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде келіп отырмын. Орталық Азия ЕҚЫҰ үшін аса маңызды өңір болып табылады, ал Қазақстан аталған аймақтағы маңызы аса зор ел. Сонымен бірге, Қазақстан алдыға осы ұйымға таяу жылдары төрағалық ету жөнінде биік мақсат қойған, сондықтан осында келіп, Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-ның қандай маңызы бар екенін «көзбе көз» талқылау біз үшін аса маңызды. ЕҚЫҰ үшін Венаның шығыс бөлігінде жатқан бір елдің төрағалық етуі аса қажет. Бұл орайда Орталық Азия өңірі біз үшін маңызды және біз осы мәртебелі орынға өңірде тек Қазақстанды ең лайықты әрі мүмкіндігі бар үміткер деп санаймыз,-деп атап көрсетті ЕҚЫҰ төрағасы журналистерге арналған баспасөз мәслихатында.

толығымен... Сыртқы саясаттағы іс-шаралар

01.02.2006Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының бұрынғы Президенті Борис Ельциннің 75 жылдығына арналған шараға қатысу үшін Мәскеуге келді.

Мерейтойлық шараға сондай-ақ Ресей Президенті Владимир Путин, Белоруссия Президенті Александр Лукашенко және Билл Клинтон, Гельмут Коль тәрізді басқа да танымал мемлекеттік және саяси қайраткерлер қатысуда.

толығымен... Сыртқы саясаттағы іс-шаралар

25.01.2006Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕврАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты.

Отырыстың негізгі қорытындысы - Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қосылуы туралы құжатқа қол қойылуы болды.  
- Тарих бізге қуатты, толысқан ішкі нарық құрудың бірегей мүмкіндігін ұсынып отыр. ЕурАзЭҚ-қа кіретін елдердегі тұрғындардың жиынтық саны бүгінгі таңда 250 миллион адамды құрайды. Ұйымға қатысушы мемлекеттерде бүгінде ТМД-дағы ең дамыған бірлестік құруға энергетикалық қуат, азық-түлік базасы, көлік жүйесі сияқты қажетті негіздердің барлығы бар. ЕурАзЭҚ-тың тиімділігі Президенттердің ерік-жігері мен Үкіметтерінің шынайы мүдделестігіне байланысты болмақ, - деді Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде.

толығымен... Сыртқы саясаттағы іс-шаралар


Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
 123456
789101112 13
14 15 1617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0