Бөлімдер

Мемлекеттік хатшы

13.01.2012Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының құрметті президенті, ҚР кезектен тыс парламенттік сайлаудағы ЕҚЫҰ ПА бақылаушылар миссиясының басшысы Жоао Соарешті қабылдады.

Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ-ның, әсіресе Қазақстанның осы мәртебелі халықаралық ұйымға төрағалығы кезеңіндегі сындарлы және жемісті ынтымақтастығын атап өтіп, Мемлекеттік хатшы Жоао Соарешке алдағы сайлауды бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы жедел күшейтілген миссиясы үшін алғыс айтты.

толығымен... Мемлекеттік хатшы

27.12.2011Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес марапатталған белгілі спортшыға «Парасат» орденін тапсырды.

22.12.2011Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыста Қазақстанның азаматтығын қабылдағысы келген шетелдік тұлғалардың өтініштері қаралды.

толығымен... Мемлекеттік хатшы

22.12.2011Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы болып өтті.

21.12.2011Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қорытынды мәжілісі болып өтті.

Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 216 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды. Комиссия сондай-ақ 2012 жылға арналған басым мамандықтар тізбесін бекітті.

толығымен... Мемлекеттік хатшы

13.12.2011Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гидо Херцті қабылдады.

12.12.2011Бүгін Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Бейбітшілік және келісім сарайында «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа бірқатар министрліктер мен ведомствалардың басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, ғылым, мәдениет және өнер салаларының белгілі қайраткерлері қатысты.

толығымен... Мемлекеттік хатшы

28.11.2011Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Қ.Саудабаев: «Комиссия жұмысының нәтижелері, оның қызметі Елбасымыздың ядролық қауіпті төмендету және ядролық қаруды таратпауда әлемдік үдерістегі көшбасшылығының танымалдығын нығайтуға және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстанның рөлін одан әрі арттыруға маңызды екпін берді», - деп атап өтті.

толығымен... Мемлекеттік хатшы

23.11.2011Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның мәжілісі болып өтті.

Комиссия отырысын ашқан Қ. Саудабаев: «Біздің еліміз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени-гуманитарлық даму барысындағы тамаша жетістіктермен қарсы алып отыр. Азаматтардың құқықтары, заңның пәрменділігі және тәртіп мәселесі тұрақты әрі жүйелі түрде қамтамасыз етіледі. Мемлекет басшысының нұсқауына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес жүргізілуде, мемлекеттік сатып алудың заңдылықтарын сақтап, оның айқындылығын қамтамасыз ету бұл саладағы маңызды бағыттардың бірі болып саналады. Осыған байланысты бұл мәселе бүгінгі мәжілістің күн тәртібіне енгізіліп отыр», - деп атап өтті.

толығымен... Мемлекеттік хатшы

11.11.2011Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебекті қабылдады.

Кездесу кезінде этникааралық қатынастар мен аз ұлттар құқығын қорғауды үйлестіру саласындағы Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселесі талқыланды.

толығымен... Мемлекеттік хатшы


Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829    

Жаңартулар

RSS 2.0