Бөлімдер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы болып өтті.

22.12.2011

Комиссия төрағасы отырысқа қатысушыларды Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап өтіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қазақ халқының еркіндік пен тәуелсіздік туралы ғасырлар бойы аңсаған арманын қамтып көрсететінін атап өтті.

- Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран тәуелсіз мемлекеттің міндетті атрибуттары болып табылады. Сондықтан жас ұрпақты тәрбиелеуде және патриоттық сезімін қалыптастыруда мемлекеттік рәміздерге ерекше көңіл бөлінеді. Біздің Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев атап өткеніндей: «Мемлекеттік рәміздер – біздің еліміздің, тәуелсіздігіміздің бөлінбейтін бір бөлігі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын бейнелейді». Сондықтан оларға деген көзқарасымыз бен құрметіміз, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі жұмыстарының тиімділігі қазақстандықтардың жалпы патриоттық деңгейін анықтайды», - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

Отырыс барысында Байланыс және ақпарат, Көлік және коммуникациялар министрлерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Отырыстың қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының бұлжытпай  сақталуы жөнінде ұсыныстар мен нақты тапсырмалар берілді.

Мемлекеттік хатшы

Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
 123456
78910 11 1213
14 15 1617181920
21222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0