Президент Рождество мерекесі діндарлардың барлығының қайырымдылық, өзара жәрдемдесу және сүйспеншілік сезімдерін, биік гуманистік және жасампаздық мұраттарын біріктіретінін атап өтті.
- Бүгін бұл мерекені православиелік христиандармен бірге барша қазақстандықтар мерекелеуде. Көп ұлтты Қазақстанда дәстүрлі діндер бір-бірімен татулықпен өзара әрекет жасап келеді. Біз көптеген діни мерекелерді бірге атап өтеміз. Мемлекеттің азаматтардың діни сезімдеріне құрметпен және ұқыпты қарауы – біздің еліміздегі конфессияаралық келісімнің маңызды негіздерінің бірі. Қазақстан бүгінде этностар мен діндер арасындағы татулық пен диалогты қалай қолдау қажеттігінің лайықты үлгісін көрсетіп келеді. Мәңгілік адамгершілік құндылықтарға сүйеніп, бір-бірімізді құрметтеп және қолдау көрсете отырып, біз өзіміздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді сақтаймыз, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға бейбітшілік, бақыт және амандық-саулық тіледі.