Бөлімдер

Жаңалықтар

06.10.2005Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Санкт-Петербург қаласында өткен «Орталық Азиялық Ынтымақтастығы» ұйымының мүшелері - Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

177.jpg

Мемлекет басшылары ОАЫҰ құрылғалы бері көптеген бағыттар бойынша едәуір жұмыстар еңсерілгенін атап өтті. Сондай-ақ СПИД-ке қарсы бірлескен күрес туралы тұжырымдама мақұлданып, аталған жобаны басқаратын органдар жасақталды.

толығымен... Басты оқиғалар

06.10.2005Мемлекет басшысының Жарлығымен Аманжол Қазбекұлы Жанқұлиев Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды және Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

03.10.2005Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Грузияға ресми сапары жалғасуда.

231.jpg

Бүгін Тбилисиде өткен кездесу барысында Қазақстан мен Грузия Президенттері екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму болашағын талқылады, сондай-ақ өзара мүдделестік туғызатын халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.

толығымен... Сыртқы саясаттағы іс-шаралар

03.10.2005Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Грузиядағы ресми сапары барысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Қол қойылған құжаттардың қатарында екі мемлекет үкіметтерінің азаматтардың өзара жүріп-тұруы туралы келісімі мен Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы, сондай-ақ Маңғыстау облысы мен Грузияның Аджария автономиялық республикасы арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастық бағдарламасы бар.

толығымен... Сыртқы саясаттағы іс-шаралар

03.10.2005Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тбилисидегі «Иверия» қонақ үйін қайта қалыпқа келтіру жұмыстарының басталуына арналған салтанатқа қатысты. Құны жүз миллион доллар тұратын аталған инвестициялық жоба Тұран Әлем банкі арқылы жүзеге асырылмақ.

 - Бұл кешен біздің достығымыздың символына айналсын және келесі келетін инвесторлар үшін жақсы істің ишараты болсын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

толығымен... Сыртқы саясаттағы іс-шаралар

03.10.2005Грузия Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін толық қолдайды. Бұл жөнінде Тбилисиде өткен баспасөз мәслихатында Михаил Саакашвили мәлімдеді.

- Қазақстанның халықаралық проблемаларды шешуге қатысуы шешуші роль атқаруы мүмкін, - деп атап өтті Грузия басшысы.

толығымен... Сыртқы саясаттағы іс-шаралар

03.10.2005Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Грузия парламентінің төрайымы Нино Бурджанадзамен кездесті. Грузия парламентінің басшысы Қазақстан басшысының сапарына ерекше ілтипат білдірді.

-Мен Қазақстандағы реформалардың нәтижелеріне таңданыспен қараймын және сіздер жинақтаған тәжірибелер біз үшін өте маңызды. Біз сіздің елмен өзара тиімді ынтымақтастықтың келелі келешегін көреміз, – деп атап өтті Н. Бурджанадзе.

толығымен... Сыртқы саясаттағы іс-шаралар

02.10.2005Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Грузияға ресми сапары басталды.

Қазақстан басшысының сапар бағдарламасы Аджария автономиялық республикасын аралаудан басталды. Мәртебелі мейманды Батуми әуежайынан Грузия Президенті Михаил Саакашвили мен Аджария үкіметінің басшысы Леван Варшалонидзе қарсы алды.

толығымен... Сыртқы саясаттағы іс-шаралар

01.10.2005Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Теміртау қаласының 60 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысты.

56.jpg

Мұнда Елбасы өзінің тапсырмасы бойынша салынған жаңа «Миттал» спорт кешенін аралап көрді. «Миттал Стил Теміртау» АҚ жобалап демеушілік көрсеткен кешеннің жалпы көлемі 3300 шаршы метрді құрайды.

толығымен... Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары


Оқиғалар күнтізбесі

дсccсрбсжмснжк
  1 2 3 4 56
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 222324252627
28293031   

Жаңартулар

RSS 2.0