
Президент Ақтөбеде Қазақстандағы медициналық және өнеркәсіптік рентгендік аппараттарының бірден-бір өндірушісі болып табылатын «Ақтөберентген» АҚ-да болды.
Нұрсұлтан Назарбаев шетелмен салыстырғанда құны 30 пайыз төмен болатын заманауи компьютерлік томограф өндірісінің процесімен танысты. Қазірдің өзінде зауыттың өніміне ТМД-ның 23 елінен және алыс шетелдерден сұраныстар түсуде.
толығымен... Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары
Президенттің жұмыс сапары бағдарламасының екінші күні көктемдегі су тасқынынан зардап шеккен Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылын аралаудан басталды. Мұнда келісімен Президент ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимаратында болды және бірлестік ұжымына жедел медициналық көмек көлігінің кілтін тапсырды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысына өңірде жүргізілген, көктемгі су тасқынының салдарларын жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады. Қазіргі кезде Тарбағатай ауданында 443 үй салынуда, оның ішінде 210 үй – Көкжыра ауылына тиесілі. Ал 60 үй пайдалануға берілуге дайын тұр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ауылдағы 600 оқушыға арналған орта мектептің құрылысына 977,5 миллион теңге бөлінді. Жалпы алғанда мемлекет облыстағы су тасқынының салдарларын жою үшін 9 миллиардтан астам теңге бөлді.
толығымен... Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары
Өскеменге келген Президент қаланың орталық алаңында ішкі істер органдарының өкілдерімен кездесті және жаңартылған облыстың ІІД автопаркімен танысып шықты.
толығымен... Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары
Президенттің жұмыс сапары бағдарламасының екінші күні Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы егін алқабын аралауымен басталды. Аралау барысында Мемлекет басшысы егін егудің жай-жапсарымен және «Раскөл» ЖШС-нің жинау жұмыстары барысымен танысты.
толығымен... Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары
Қостанай облысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінде стратегиялық мәнге ие. 2010 жылғы бірінші жартыжылдықта облыста 244,8 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 70 миллиард теңгені құрады. Облыста 27 мың шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Ағымдағы жылы облыс көлемінде 3,4 миллион тонна мөлшерінде астық жинау жоспарланған.
толығымен... Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары
Сапар аясында Мемлекет басшысы жаңа емханада болды, қайта жөндеуден өткен «Қызылжар оранжереясы» ботаника бағының ғимаратын аралап көрді.
толығымен... Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары
Ауылға келісімен Елбасы күрделі жөндеуден өткен Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектептің ғимаратын көрді.
Облыс әкімі Серік Үмбетов Мемлекет басшысына Қызылағаш ауылында жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады.
толығымен... Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары
Облыс әкімі Серік Үмбетов Мемлекет басшысына Спорт сарайының жұмысы туралы айтып берді, дзюдо мен самбо бойынша жаттығу залының жұмысымен таныстырды. Спорт сарайының ғимаратында Президент Алматы облысының белгілі спортшылары – «Жетісу» кәсіби волейбол командасының мүшелерімен, сондай-ақ ауыр атлетика бойынша әлем чемпиондары Владимир Седов, Мая Манеза, Светлана Подобедова және Илья Ильинмен кездесті.
толығымен... Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары
Президенттің жұмыс сапары Талдықорған әскери горнизоны мен бригадасын аралаумен басталды.
Авиациялық базаның әуежайында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы авиабазаның қару-жарағында тұрған авиациялық техникамен, оның әскери мүмкіндіктерімен танысты.
толығымен... Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары
Елбасы Целиноград ауданында көпсалалы ірі ауылшаруашылық кәсіпорны «Ақмола-Феникс» акционерлік қоғамының жұмысымен танысты. Жалпы ауданы 19,6 мың гектарды құрайтын дәнді және бұршақдәнді дақылдар егістігін аралады.
толығымен... Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары