2009 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шақыруымен Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Луис Инасио Лула да Сильва Қазақстан Республикасында ресми сапармен болды.
Өткізілген келіссөздер барысында тараптар өзара мүдделілік танытатын кең ауқымды мәселелерді талқылады, Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың келешектері жөнінде пікір алмасты.
Екі елдің басшылары, ынтымақтастық бағыттарының толық спектрі бойынша қазақстан-бразильдік әріптестігін орнатудағы ортақ ұмтылысқа негіздей отырып:
1. аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік мәселелерін шешу, сондай-ақ халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұстанымдардың ұқсастығын, екі жақты қарым-қатынастардың позитивті даму қарқынын атап көрсетті.
2. екі елдің өңірлік және халықаралық институттар шеңберіндегі рөлінің артып келе жатқандығын атай өтіп, олардың қызметінің жетілдіруіне өздерінің адалдықтарын растады. Бұл контексте Президенттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін қайта құрудың дамушы елдердің тұрақты әрі уақытша мүшелер сипатында көбірек қатысуын қамтамасыз ету үшін және Кеңестің заңдылығы мен тиімділігін арттыруға жол ашу үшін қажет екендігі туралы ұстанымдарын растады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болудағы бразильдік тараптың ұмтылысын Қазақстанның қолдағанына Бразилия тағы бір мәрте ризашылығын білдірді.
3. қарусыздануды, таратпауды және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын растады. Жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі күш-жігердің, әсіресе, ядролық қарусыздану жағына қарай тұрақты қадамдармен қоса жүруінің тиіс екендігіне келісті. Бразилия Қазақстанның Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстанмен Орталық Азияда «Ядролық қарудан азат аймақ» орнататын Шартқа қол қойғанына тағы да ризашылығын білдірді.
4. Еркін және теңгерімдендірілген сауда дамудың іргелі мәселелерін шешуге және кедейшілікпен күреске бағытталған жағдайда, көпжақты сауда жүйесінің нығайюын қолдады.
5. екі жақты күн тәртібін талқылап, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды ілгерлетудегі жетістіктерге өздерінің қанағаттанғанын білдіреді және екі жақты қатынастардың шарттық-құқықтық негізін кеңейтудің маңыздылығын мойындады.
6. екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылдардың, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасауға ниетін білдірді. Осыған орай, тараптар Қазақстанға «ЭМБРАПА» ауыл-шаруашылығы және мал шаруашылығы жөніндегі Бразилия мемлекеттік зерттеу институты мен Бразилия ынтымақтастық агенттігі миссиясының маңыздылығын атап өтті.
7. «ЭМБРАЕР» Авиа құрылыс компаниясы мен Көлік және коммуникация министрлігі арасындағы келіссөздердің алға басуына қанағаттанғандықтарын білдірді, сондай-ақ ағымдағы жылдың қыркүйегінде Қазақстанға құрамында тау-кен өнеркәсібінің, азаматтық авиацияның, банк істері және азық-түлік өнімдерін өндіретін компаниялардың өкілдері бар Бразилия делегациясының сапарын құптады.
8. жемісті диалогқа қанағаттанғандықтарын білдірді және өз үкіметтеріне ағымдағы жылы Сауда-экономика жөніндегі үкіметаралық комиссияны құруды, сондай-ақ өзара мүдделілік танытатын нақты жобалар мен бағдарламалар бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
9. мәдениет, ғылым, білім және спорт салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың қажеттілігін атап өтті. Осы ретте, жас қазақстандық спортшылардың Бразилиядағы оқуының сәтті тәжірибесіне қанағаттануын білдіріп, сондай-ақ Астана қаласындағы сәулет объектілерін жобалауда Оскар Немейердің сәулет бюросымен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
10. Қазақстан мен Бразилия арасындағы қарым-қатынасты одан әрі арттыруды және жоғары дәрежедегі диалогты жалғастыруды, екі ел сыртқы саяси ведомостволары арасындағы саяси консультацияларды жалғастыруды, сонымен қатар үкіметтік ведомстволар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы байланысты жалғастыруды атап өтті.
Астана қаласы,
2009 жылғы 17 маусым
Жоғары әскери және арнаулы атақтар беру туралы
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы".
Қазақстан халқы Ассамблеясының он тоғызыншы сессиясын шақыру туралы
Бразилия Федеративтік Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы
Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы