National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Ерлан Қарин Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің Атырау қаласында көшпелі отырысы өтті.

Жиында Мемлекет басшысының тапсырмасымен дайындалған Жастар саясаты жөніндегі тұжырымдаманың жобасы таныстырылды. Оны әзірлеуге Кеңес мүшелері белсенді қатысты. Тұжырымдама жастар саясаты бағытындағы жұмысқа тың серпін береді.

Кеңес отырысында «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасында айтылған негізгі мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, жас қазақстандықтардың көзқарасы, сұранысы және құндылықтары жайында ақпарат берілді.

Мемлекеттік кеңесші маңызы бар шешімдерді қабылдау ісіне жастарды тартудың өз нәтижесін бергенін жеткізді. Қазірдің өзінде Кеңестің бірқатар мүшесі бірнеше саяси ұйымның партиялық тізіміне енгенін және кейбірі Парламент Мәжілісіне бір мандатты округтер арқылы сайлауға түсіп жатқанын айтты.

Отырыс соңында Ерлан Қарин Кеңес мүшелерін жастар саясаты жөніндегі күн тәртібін қалыптастыруға және ілгерілетуге белсенді қатысуға, қазақстандық жастардың әлеуетін қолдап, іске асыруға шақырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады

2026 жылғы 01 сәуір

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы