National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

2020 жылғы 01 қазан

«Ақорда» резиденциясында бірқатар шет мемлекеттің жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Мемлекет басшысына Беларусь Республикасының Елшісі Павел Утюпин, Финляндия Республикасының Елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист, Австрия Республикасының Елшісі Вилли Кемпель, Мажарстан Елшісі Михай Матяш Галошфаи сенім грамоталарын тапсырды.   

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдің дипломатиялық миссиясы басшыларымен әңгімелесу барысында аталған төрт мемлекеттің барлығымен Қазақстанның қарым-қатынасы жақсы және түрлі салалардағы ықпалдастық деңгейі жоғары екенін атап өтті. Осыған байланысты Президент мемлекеттер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

– Сіздер Еуропаның төрт мемлекетінің өкілісіздер. Еліміздің Сыртқы саяси тұжырымдамасында Еуропамен арадағы қарым-қатынастарға ерекше мән берілді. Еуропа Қазақстанда саяси, экономикалық ынтымақтастық және инвестиция тарту ісі бойынша маңызды рөл атқарады. Ынтымақтастығымыз одан әрі жалғаса береді деп ойлаймын. Қазақстан мен сіздердің елдеріңіз арасындағы ықпалдастыққа қосымша серпін беруіміз қажет, – деді Мемлекет басшысы. 

Президент коронавирус пандемиясына байланысты мемлекеттің мейлінше күрделі кезеңді бастан өткеріп отырғанын айтты.

– Біз қазіргі жағдайда екіжақты қатынастарға да, жаһандық өлшемге де әсер ететін жаңа күн тәртібін қарастыруымыз керек. Біз COVID-19 пандемиясының қиындықтары мен салдарын еңсеру үшін осы салада өзара тығыз ықпалдастық орнатамыз деп үміттенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған жылсайынғы Жолдауында елімізді жаңғырту, қоғамдық өмірді демократияландыру мәселелерін қозғағанын атап өтіп, дипломаттарды аталған саладағы байланыстарды нығайтуға тиісті деңгейде мән беруге шақырды.

– Өзара түсіністікті нығайту үшін еліміздің Үкіметіне де, өздеріңіздің үкіметтеріңізге де көмектесесіздер деп үміттенемін. Қазіргі уақытта бұл аса маңызды. Көптеген мемлекеттердің арасында осындай өзара түсіністіктің жоқтығы халықаралық қатынастардың шиеленісуіне алып келеді. Мәселенің мәні осында, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың екіжақты қатынастарды әрі қарай нығайту ісіне табыс тіледі. Сонымен қатар өзінің әріптестеріне – Беларусь, Финляндия, Австрия және Мажарстан мемлекеттерінің басшылары мен үкіметтерінің жетекшілеріне жүрекжарды сәлемін жолдады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 14 маусым

Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің жаңадан сайланған Премьер-Министрі Нафтали Беннетке құттықтау жеделхатын жолдады

2021 жылғы 14 маусым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің жаңадан сайланған Премьер-Министрі Нафтали Беннетке құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2021 жылғы 09 маусым

Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің