National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Мұз аренасында болды

2016 жылғы 16 ақпан

 

Нұрсұлтан Назарбаев спорт кешенінің инфрақұрылымымен танысты. Мұнда 2017 жылы қысқы Универсиаданың ашылу және жабылу рәсімі, сондай-ақ мәнерлеп сырғанау мен керлингтен жарыстар өтеді.

Мемлекет басшысына қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Алматы облысындағы автомобиль жолдары желісін, инновациялық кластер және «Инновациялық технологиялар паркі» арнаулы экономикалық аймағын дамыту барысы туралы баяндалды.

Қазақстан Президентіне Универсиада нысандары құрылысы және халықаралық жарыстар ұйымдастыру мәселесі бойынша бүгінге дейін атқарылған жұмыстар жөнінде айтылды. 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада дайындығына қатысты дирекция мәліметтері бойынша, іс-шараның операциялық бюджеті екі есеге – 17 миллиард теңгеге дейін ықшамдалған.

8 спорт нысанында 12 спорт түрі бойынша өтетін жарыстарға әлемнің 55 елінен 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олар қысқы Универсиада тарихында бірінші рет Атлеттер мекенінде жайғасатын болады. Қазіргі уақытта 34 ел қатысатынын растап, онлайн-тіркеуден өтті. 

Жарыс өткізу барысында 30 мыңға жуық туристер мен шетелдік қонақтар келеді деп жобалануда. Қысқы Универсиаданың күнделікті телекөрермендер аудиториясы әлемнің 80 елін қамтып, 1 миллиард адамға жетпек.

2016 жылғы наурыздан спорт нысандарының, қала қызметтерінің өкілдерін, еріктілерді қаладағы 5 жоғары оқу орнында ағылшын тіліне оқыту бағдарламасы басталады. Жарысты ұйымдастыру ісіне 3 мыңға жуық ерікті тартылады.

***

Мұз аренасы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада кешендері қатарына кіреді және 12 мың көрерменге арналған. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2016 жылғы қазанда аяқтау жоспарланған. Қазіргі кезде оның құрылысына 1,5 мың жұмысшы атсалысуда. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 06 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынасты тезірек реттеуге шақырды

2024 жылғы 15 сәуір

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынасты тезірек реттеуге шақырды

Жарлық

2024 жылғы 01 сәуір

Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің