National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Скляр Роман Васильевич

Президент Әкімшілігін өз қызметін Мемлекет басшысының тікелей басшылығымен атқаратын Президент Әкімшілігінің Басшысы басқарады.

Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы:

  • Мемлекет басшысының бекiтуiне Президент Әкімшiлiгi туралы ереженi ұсынады, Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымы мен штаты жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, Президент Әкiмшiлiгiнің штат кестесін бекітеді, оған бекітілген штат саны шегінде өзгерістер енгізеді;
  • Мемлекет басшысының көмекшiлерi мен кеңесшiлерiнiң жұмысын үйлестiредi, Әкiмшiлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады және бағыттап отырады, өзге мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
  • Мемлекет басшысының қарауына Президенттiң көмекшiлерi мен кеңесшiлерiн, Президент Әкiмшiлiгi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi, Президент Әкiмшiлiгiнiң қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;
  • Мемлекет басшысының актiлерiнiң орындалуы мен сақталуын, оның тапсырмаларының орындалуын, Президент Әкiмшiлiгiнде құжаттардың өтуiн бақылау жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
  • Республика Президентiнiң қол қоюы мен қарауына Парламент қабылдаған заңдарды, Жарлықтардың, өкiмдердiң жобаларын және Мемлекет басшысына жолданған басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады;
  • тұрақты негiзде Президент Әкiмшiлiгiнiң Парламентпен, оның Палаталарымен, жұмыс органдарымен және аппаратымен; Үкiметпен және Премьер-министр Аппаратымен; министрлiктермен және өзге орталық атқарушы органдармен; Конституциялық Сотпен; Жоғарғы Сотпен; Бас прокуратурамен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн өзге мемлекеттiк органдармен; Ұлттық Банкпен; Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiмен; облыстардың, Республика астанасының және республикалық маңызы бар қалалардың әкiмдерiмен және мәслихаттарымен; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен; саяси партиялармен және өзге қоғамдық бiрлестiктермен; бұқаралық-ақпараттық құралдарымен; халықпен байланысын қамтамасыз етедi;
  • Республика Президенті өзіне жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

СКЛЯР Роман Васильевич 

1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «Экономист» мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.

1989-1990 жылдары «Казпромтехмонтаж» шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды.

1990 жылдан бастап – «Вахинвест» бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері, Павлодар қ.

1990-1999 жылдары «Ансат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор қызметтерін атқарды.

1999-2002 жылдары – «Тыныс» ЖШС директоры, Павлодар қ.

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы.

2003-2005 жылдары – Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы.

2005 жылғы қантардан бастап – Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.

2005 жылғы сәуірден бастап – Павлодар облысы әкімі Аппаратының басшысы.

2006 жылы – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

2006-2007 жылдары – Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.

2007-2008 жылдары – Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2010-2011 жылдары – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.

2014-2016 жылдары – «Қазақстан темір жолы» АҚ вице-президенті. 

2016 жылы – Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2016 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

2016-2019 жылдары – Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2019 жылдың ақпан-қыркүйек айларында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2019-2022 жылдары – ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

2022-2026 жылдары – ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары.

2026 жылғы 5 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы