National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Қасым-Жомарт Тоқаев «Айсұлу» Жетісу тігін фабрикасына барды

2022 жылғы 20 қазан

Мемлекет басшысы Талдықорған қаласында биыл маусым айында ашылған  «Айсұлу» Жетісу тігін фабрикасы» ЖШС жұмысымен танысты.

Фабрика халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды көптеп жұмысқа алған. Атап айтқанда, 26 көп балалы ана, 36 жалғызбасты ана, 11 мүмкіндігі шектеулі азамат қызмет етеді.

Фабрика басшысы Президентке өндіріс орнында қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалғанын және қызметкерлерге үш мезгіл тегін тамақ берілетінін, жұмысшыларды тасымалдау үшін тиісті көлік қарастырылғанын баяндады.

Заманауи тігін жабдықтарына ие кәсіпорын бүгінде бір рет қолданылатын медициналық бұйымдар (бетперде, халат, комбинезон) және арнаулы киім формаларын тігеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев фабриканың өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға үлгі болатынын айтты.

Президент фабриканың жұмысын жоғары бағалап, өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға үлес қоса беруіне тілектестік білдірді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің