1982 жылы 3 сәуірде Ақмола облысында дүниеге келген. 2003 жылы Астанада қаласындағы Қазақстан-Ресей университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2004-2009 жылдар аралығында қылмыстық-атқару жүйесі органдарында әртүрлі, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2009-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінде жұмыс істеген. 2019 жылдың шілдесінен бастап мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жалғастырып, 2022 жылдың қыркүйегінен бері Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарды. 2026 жылғы 5 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды. «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.