National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

2022 жылғы 27 қазан

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар тараптар Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельдің қатысуымен өткен кездесудің қорытындысы жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысқаны және мазмұнды сөз сөйлегені үшін Шавкат Мирзиёевке ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев аталған шараның өткізілу деңгейін жоғары бағалап, кездесуді ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ бүгінгі шарада аймақтағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылауға жақсы мүмкіндік болғанын атап өтті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің