National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

2022 жылғы 31 желтоқсан

Қазақстан Президентінің атына Жаңа жылға орай  шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтаулар келіп түсіп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Рим Папасы Франциск, Вьетнам Президенті Нгуен Суан Фук, Ұлыбритания Премьер-министрі Риши Сунак, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Италия Президенті Серджо Матарелла, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Корея Президенті Юн Сок Ёль, Исландия Президенті  Гвюдни Йоуханнессон, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида, Кувейт Әмірі Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер әс-СабахРуанда Президенті Поль Кагама, Жаңа Зеландияның Генерал-Губернаторы Синди Киро, Сан-Мариноның капитан-регенттері Мария Луиза Берти мен Брахим Таха, сонымен қатар бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, шет мемлекеттердің көрнекті мемлекет қайраткерлері, шетелдік ірі компаниялардың, банктердің, қаржы институттарының, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен басқа да ресми  тұлғалар құттықтады.

Құттықтау жеделхаттарында Қазақстанның шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты ынтымақтастығын нығайтудың маңызды аспектілері, басымдықтары атап өтілген. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына жүрекжарды тілектер айтылған.

Құттықтаулар әлі де келіп жатыр.  

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің