National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ИСЕСКО Бас директоры Салим бин Мұхаммед Әл-Маликпен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) бас директоры Салим бин Мұхаммед Әл-Маликпен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында Қазақстанның ИСЕСКО-мен білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды.

Ерлан Қарин дәстүрлі «Тоғызқұмалақ» ойынының Ислам әлемі мұраларының тізіміне енгізілгені үшін ризашылық білдірді. Сондай-ақ Қазақстанның «Ою-өрнек», «Қармақшы жырау» секілді ұлттық номинацияларын одан әрі ілгерілетудің маңызын атап өтті.

Салим Әл-Малик Қазақстанның бастамаларын жоғары бағалап, еліміз ИСЕСКО-ның сенімді серіктесі екенін, сонымен қатар өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететін жаңа идеяларға ашықтығын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған ынтымақтастықты дамытуға бейіл екендерін растады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару