National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Норвегия Королі VIII Хоконға құттықтау жеделхаты

2026 жылғы 10 қыркүйек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хоконның таққа отыруына орай құттықтау жеделхатын жолдады

– Бұл айтулы күн сабақтастықтың, бірлік пен ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі саналатын сан ғасырлық Норвегия монархиясының тарихындағы жаңа кезеңге жол ашады. Сіздің қалтқысыз қызметіңіз мемлекетті одан әрі өркендетіп, халықтың игілігін арттыра беретініне сенімім кәміл, – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Президент ортақ күш-жігердің арқасында Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығы алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің