National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

Сапар барысында Г.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.

Іс-шараға Ақмола облысының әкімі, өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы С.Кулагин, ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, ҚХА және өңірлік Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері және облыс жұртшылығы қатысты.

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен еліміз ширек ғасырда демократиялық мемлекет құруда ғаламат ауқымды істер атқарып, әлемдегі ең озық 30 мемлекеттің қатарына қосылу үшін алдына зор міндет қойғанын атап өтті. Республикада азаматтық қағидатына негізделген қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға және дамытуға қажетті алғышарттар жасалған.   

Г.Әбдіқалықова қоғамдық пікір қауымдастығында 100-ден астам көшбасшының басын қосып отырған Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын атап өтті. Бүгінде 40-тан астам этномәдени бірлестік «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыруға үлес қосуда.

Мемлекеттік хатшы жұмыс сапарының соңында мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 12 қаңтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы