National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия отырысы өтті

Жиын барысында мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау жөніндегі ұсыныстары талқыланды.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесшілік орган болып саналатын комиссия Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын белгілеу және жою жөніндегі ұсыныстарды, награда мәселелері жөніндегі заңдар жобалары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсынымдарды қарастырады.

Комиссия мүшелері отырыс қорытындысы бойынша марапаттау үшін Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын кандидаттарды анықтады.

Мемлекеттік наградаларды тапсыру дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 12 қаңтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы