National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

 

Отырыс барысында Қазақстан азаматтығын алу және одан шығу мәселелері қаралды. Мемлекеттік хатшы атап өткендей, еліміздің азаматтығын Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бері 948 мыңнан астам адам алған, оның көбісі соңғы жылдарға тиесілі.

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін елімізге ТМД елдерінен және алыс шет елдерден  келген түрлі ұлт өкілдері Қазақстанның жаңа азаматтары атанады.

Сонымен қатар, отырыста республикамыздың азаматтығын өзгертуге қатысты бірқатар ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелер талқыланды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару